Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Бірлескен әрекеттің нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық "метамфетамин" затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.