Қоғам

ҰҚК халықаралық есірткі мафиясын тоқтатты: 10 келі «өлім» шекарадан өтпей қалды

12:32, 10 мамыр 2025 216

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары және арнайы қызметтерімен бірлесіп, Шығыс Азия елдері арқылы өтетін есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бірлескен арнайы операция барысында 10 келіден астам метамфетамин тәркіленген. Бұл синтетикалық есірткі баратын елдегі қара нарықта 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады.

Аталған факт бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, есірткі саудасының халықаралық арналары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз