Ұшқыш рейс алдында есірткі қабылдап, Үндістанға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын апатқа ұшырата жаздады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
The Times of India басылымының хабарлауынша, оқиға 4 тамызда Air India әуе компаниясының Пхукет – Нью-Дели бағытындағы рейсінде болған.
«Ол ұшқыштар кабинасының еденінде отырып, темекі шегуге тырысқан. Бортсеріктер оны қайта-қайта орнына отырғызуға мәжбүр болды. Ол өзін толықтай басқара алмаған. Ұшақтан шыққаннан кейін де дұрыс жүре алмады», – делінген материалда.
Есірткінің әсерінен ұшақ командирі әуе кемесін 91 метрге күрт төмендетіп жіберген. Соның салдарынан 20 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі зардап шеккен. Екінші ұшқыш басқаруды өз қолына алып, ұшақты қауіпсіз түрде қондырған.
Рейстен кейін ұшақ командирінің есірткіге жүргізілген тесті оң нәтиже көрсеткен.