$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

«Қазақ қызына жараспайды»: Мәдина Сәдуақасованың биі сынға қалды

Редактор
16.10.2026, 15:47
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Мәдина Сәдуақасованың биі қызу талқыға түсті

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың көпшілік алдында билеген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесінің биіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, арасында сын айтқандар да табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға пікір қалдырған кейбір оқырмандар әншінің биін орынсыз деп бағалаған. Олар Мәдинаның ер адамдардың алдында билегенін сынға алып, мұндай әрекет қазақ қызына жараспайтынын жазған.

«Эх, Мадиночка, өзбек салтында ер азаматтардың алдында бұлай билеу әдепсіздік болып есептеледі. Сенің мына отырысыңнан Адхамбектің өзі ұялып отыр», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман әншінің биіне қатысты наразылығын білдірген.

«Мәдина өзі көрді ме екен мына видеосын? Ужас!», – деп пікір қалдырған ол.

Сондай-ақ пікір жазғандар арасында әншінің әрекетін ұлттық тәрбие мен әдеп тұрғысынан сынағандар да бар.

«Мынау не отырыс? Қазақтың қызына жарасымды дүние емес, қандай жағдай болса да», – деп жазған желі қолданушысы.

Осылайша, әншінің биі әлеуметтік желіде талқылауға себеп болды. Әзірге Мәдина Сәдуақасованың аталған сын-пікірлерге қатысты қандай да бір жауап бергені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау