$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Қазақтың киіз үйі әлемдік LEGO брендіне айналуы мүмкін

Редактор
16.10.2026, 12:55
ЖИ
ЖИ
астырмалы киіз үй шамамен 1 500 бөлшектен тұрады

Қазақтың ұлттық баспанасы – киіз үй әлемге әйгілі LEGO конструкторының ресми жиынтығына айналуы мүмкін. Ерекше жоба LEGO Ideas халықаралық платформасына ұсынылды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жобаның авторы – «ТАЛАПАЙ» жобасының негізін қалаушы Айнұр Полатова. Ол қазақтың дәстүрлі киіз үйін LEGO бөлшектерінен құрастыру идеясын жүзеге асыруға алты ай уақыт жұмсаған.

Құрастырмалы киіз үй шамамен 1 500 бөлшектен тұрады. Оның ішінде қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін сандық, кебеже, ошақ және алтыбақан секілді ұлттық элементтер де қарастырылған. 14 қазандағы мәлімет бойынша, жобаға 8 600-ге жуық адам қолдау білдірген. LEGO компаниясының ресми қарауына өту үшін 10 мың дауыс жинау қажет.

Егер жоба қажетті қолдауға ие болса, LEGO мамандары оны өндіріске енгізу мүмкіндігін қарастырады. Алайда 10 мың дауыс жинау конструктордың міндетті түрде сатылымға шығатынын білдірмейді. Бастаманың негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық мәдениеті мен көшпелі өркениет мұрасын әлемге заманауи форматта таныстыру.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау