Грек-рим күресінен Қазақстанның жастар құрамасы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Әлемнің үздік жас балуандары бас қосқан халықаралық додада қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп, ұлттық құраманың жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарынан көрінуіне мүмкіндік жасады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға тұрақтап, әлемдегі ең үздік екі команданың қатарына енді.
Бұл нәтиже елімізде грек-рим күресінің дамып келе жатқанын және жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты – болашақта ересектер құрамасының сапында өнер көрсететін талантты спортшыларды анықтайтын маңызды халықаралық жарыстардың бірі.