$ 462.87
 540.72
 6.16

Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, жеті адам көз жұмды

18.02.2025, 14:20
pixabay.com
pixabay.com
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау жынысы опырылып түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы жеті жұмыскерінің денесін тапты, 

Олардың жеке басының ақпараты анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. 

«Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.