$ 465.74
 537.23
 5.62

«Ұлы ойшылды тану – қазақты тану»: Президент Абай Құнанбайұлы жайлы пікір білдірді

Редактор
12.08.2026, 18:03
фото: abai.kz
фото: abai.kz
Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының мәртебесін асқақтата түсті

12 тамыз күні Ақорда өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқан көрнекті ғалым, қарымды қаламгер Тұрсын Жұртбай төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде Хәкімнің қадірі жайлы айтты.

– Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз, – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау