Қоғам

«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ»: Ұлттық банк коллекциялық монеталарды шығарады

09:20, 06 мамыр 2025 22

Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады,  деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді», – делінген Банк хабарламасында.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалды, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 мың дана және нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалды, массасы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 миллиметр, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 млн дана.

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз