Қоғам

Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы қайда болады?

16:40, 14 наурыз 2025 10

Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылордада өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын, – деді президент.

Айта кетсек,  Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда өткен. Биыл Ұлттық құрылтай Бурабайда өтіп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз