Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды

14:32, 11 сәуір 2025 82

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ұлттық банк таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, наурыз қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10%-ке дейін жеделдедеген.

Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түскен.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады., – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сондай-ақ, әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуы және Ресейдегі екі таңбалы инфляцияның сақталуы да базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде қалдыруға түрткі болған.

- 2025 жылы қаңтар-наурыздағы жылдам деректерге сәйкес экономика ж/ж 5,8% өсім көрсетті. Бұл өсім көлік (21,0%), құрылыс (16,9%), өңдеу өнеркәсібі (8,7%), тау-кен өндірісі (6,1%) және сауда (6,3%) салаларындағы белсенділікке байланысты болды. Ішкі сұранысқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруы, тұтынушылық кредит беру және халық табысының ұстамды өсуі қолдау қөрсетеді. Дегенмен, 1-тоқсанда тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеу белгілері байқалуда. Бұл 2024 жылғы қазандағы 19,3%-тен кейін ақпанда 5,1%-ке дейін бөлшек сауда айналымының баяулау деректерімен, сондай-ақ сауалнамаларға сәйкес ірі сатып алулар индексінің төмендеуімен расталады, – делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз