$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Ұлттық тағамдар мен ерекше қойылым: Тоқаев ТМД басшыларымен фестивальге қатысты

Редактор
09.10.2026, 10:35
Ақорда
Ақорда
Тоқаев ТМД елдерінің басшыларымен бірге ұлттық тағамдар фестивалін аралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің басшыларымен бірге ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттер басшылары фестиваль аясында ұйымдастырылған ұлттық павильондарды аралап, қатысушы елдердің мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен танысты. Атап айтқанда, Түрікменстан павильонында қонақтарға жергілікті бақша өнімдері, ұлттық нан-тоқаш түрлері мен әйгілі түрікмен кілемдері ұсынылды. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымын тамашалады.

Қазақстанның ұлттық павильоны да ерекше назарға ұсынылды. Онда еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін таныстыратын бірнеше тақырыптық алаң ұйымдастырылған. Сонымен қатар ТМД елдерінің басшыларына Достастыққа мүше мемлекеттердің ұлттық тағамдарын дайындау ерекшеліктері көрсетілді.

Фестиваль барысында мемлекеттер басшыларының қатысуымен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталған байқау ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында ұйымдастырылған.

Іс-шара Достастық елдерінің мәдени мұрасын таныстыруға және халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау