Спорт

«Үйде отырып сынайсыңдар»: Назым Қызайбай күтпеген мәлімдеме жасады

10:57, 09 қыркүйек 2025 28

Бокстан әлем чемпионатында бақ сынып жатқан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай желідегі парақшасында жазба жариялап, отандастарын қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Баршаңызға сәлем! Жаттығуымыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4-күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді", - деп жазды Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз