Спорт

УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Қайрат» – «Брюгге» матчының билеттері сатылымға шықты

17:12, 08 қаңтар 2026 56

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Брюгге» матчының билеттері сатылымға шығарылды. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлады.

Кездесу 2026 жылдың 20 ақпанында «Астана Арена» стадионында өтеді.

«Билетті сатып алу үшін пайдаланушы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), мобильді телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсетуі қажет. Бір пайдаланушыға екі билеттен артық сатып алуға рұқсат етілмейді. Төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады. Билеттерді алу тәртібіне сәйкес, матч күні SMS-хабарлама жолданып, көрсетілген электрондық поштаға QR-билет сілтемесі жіберіледі», - деді Freedom Ticketon компаниясының коммуникация директоры Азамат Атагелді. 

Билеттер Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді билеттерді тек ресми сатылым сервистерінен сатып алуға шақырады. Үшінші тұлғалар немесе күмәнді көздер арқылы алынған билеттер стадионға кіре алмау, қаражаттың қайтарылмауы немесе билеттің жарамсыз деп танылуы сияқты қауіптерге әкелуі мүмкін.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз