Қоғам

Түсті металдарды шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

11:44, 27 маусым 2025 13

Жетісу облысы полиция департаменті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Аталған компания түсті металдарды заңсыз қабылдап, өңдеуді ұйымдастырып, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан тысқары шығаруға тырысқан.

Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары, сондай-ақ түсті металл сынығы тәркіленді. Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып жатыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталып жатыр. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз