$ 469.85
 542.16
 5.78

Түркістаннан Баянауылға тайқазан макеті сыйға тартылды

Редактор
06.08.2026, 21:13
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл бастама – өңіраралық ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан қаласынан Павлодар облысының Баянауыл ауданына қазақ халқының рухани мұрасын айшықтайтын қасиетті Тайқазанның макеті тарту етілді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Бұл бастама – өңіраралық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі шаралардың жалғасы.

Тайқазан макеті Баянауыл тұрғындары мен қонақтарына Түркістанның бай тарихи-мәдени мұрасын таныстырып, қос өңір арасындағы достық пен рухани байланысты одан әрі бекемдей түспек. Ел бірлігі мен өңіраралық ынтымақтастықтың белгісі болған тарту Баянауылдағы Мәдениет үйінің алдына орнатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Павлодар облысының Баянауыл өңірінен Түркістан қаласына 50 түп қарағай көшеті жеткізіліп, Түркістан облысының табиғат жанашырлары оларды облыс орталығындағы «Заң мен тәртіп» саябағына отырғызған болатын. 

Осындай тағылымды бастамалар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық мұраларды насихаттауға, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға қызмет етеді.   

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау