Аймақ

Түркістандағы базарда теріс діни ағымдарға қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

12:03, 13 тамыз 2025 17

Түркістан қаласында жат ағымдарға қарсы күрес жұмыстары тоқтамай, жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жаңа оқу жылы басталар тұста ата-аналардың баласын мектепке дайындау үшін базар жағалай бастағаны белгілі. Міне, экстремизм мен терроризмге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіап жүрген мамандар бұл сәтті ұтымды пайдаланып қалуға кіріскен. Олар теріс діни ағымдар идеологиясы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін "Қуаныш" базарына табан тіреді. 


Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезханов мұндағы саудагерлер мен сатып алушыларға  діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша толыққанды ақпарат берді. 


Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы азаматтардың діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.


Кездесу барысында әдеттегідей тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз