Белгілі кинопродюсер әрі актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады bairaqmedia.kz.
Жақында ғана тұрмысқа шыққан өнер иесі қалыңдық атанғанына және өмірінің жаңа кезеңі басталғанына риза екенін жеткізді.
"Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді – тіпті қоршаған ортам. Біреулер кенеттен және түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу жеңіл, дәл уақытында келді. Жаңа адамдармен жаңа мағына пайда болды. Өзің өзгерген кезде айналаңдағы әлем қалай өзгергенін көрген қызық. Мен бәріне ризамын. Әсіресе қазір жанымда жүрген жандарға. Кейде барлығын бірден көрсетіп, айтқым келеді. Бірақ мен кішкене ырымшыл адаммын. "Бақыт және ақша тыныштықты жақсы көреді" дегенге сенемін. Сондықтан ең маңызды нәрселер ешқандай шусыз жүректе қалсын", - деп жазды актриса.