Қоғам

Алматыдағы жаңа көпірден ток ұрып, тұрғындарды шошытты

03:00, 14 тамыз 2025 75

Әлеуметтік желілерде алматылықтар Сайран көлінің үстіне салынған жаңа понтонды көпірдің тұтқалары тоқ ұрады деген шағымдарын жаппай жазуда. Мұндай жазбалар жергілікті пабликтерде тез тарап кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаскедегі тұтқалар тот баспайтын болаттан жасалған. Көпірді жарықтандыруға арналған электр қуаты тек кешкі және түнгі уақытта беріледі, күндіз нысан толығымен тоқтан ажыратылады.

Мәселе назарға алынды. Мердігер ұйым қосымша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде мүмкін кемшіліктерді жою және көпірдің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады, – деп хабарлады басқарма.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз