Аймақ

Алматыда қайғылы оқиға болды

17:00, 13 тамыз 2025 45

Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Қайғылы оқиға 13 тамыз күні "Қарасай паркі" тұрғын үй кешені маңында болған.
 
Желіде тараған ақпарат бойынша, марқұм сол маңдағы кеңседе есепші болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан.
 
Ағаш бұтасы құлаған кезде екінші қыз қашып үлгерген.
 
Алматы полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз