Аймақ

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

09:30, 15 тамыз 2025 28

Бүгін, 15 тамызда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар облыстарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі, желдің екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, жел күшейеді, өрт қаупі жоғары.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ, қатты жаңбыр, дауыл болуы ықтимал, тұман түсуі мүмкін.

ТЖМ тұрғындарға ауа райына байланысты сақтық шараларын ұстануды, алыс сапардан бас тартуды және ашық далада найзағай кезінде қауіпсіз жерге жасырынуды ескертеді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265737-dauyl-qazgidromet-el-turgyndaryna-eskertu-zasady

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз