Қоғам

«ДНҚ-сыз ақ белгілі»: Облыс әкімі алимент төлеуге міндеттелді

10:35, 15 тамыз 2025 418

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Баланың анасы, бұрынғы облыстық мәслихат депутаты Ынташ Наурызова, әлеуметтік желіде әкімнен ұл туғанын, алайда оның әкелік міндетін мойындамағанын жариялаған.

Айтуынша, осы мәселені көтергені үшін Қилыбайдан қысым көріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасаған.

Ювеналды сот әкімді 3 жасар Әміренің әкесі деп танып, бала 18 жасқа толғанға дейін табысының 25%-ын алимент ретінде төлеуге шешім шығарды. Сонымен қатар, Әміренің туу туралы куәлігіне өзгеріс енгізілді. Анасы әкелікті мойындату үшін бірнеше жыл бойы әрекет жасаған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз