«Биыл дым жоқ», «Шалқар чики-чики ғой» деген сөз тіркестерінің авторы Аян Қорқытұлы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұған дейін ол ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарған.
Аян Қорқытұлы 2015 жылы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған бейнежазбадан кейін көпшілікке танылды.
"Биыл дым жоқ, ақша жоқ. Екі көшені жөндеуге бюджеттен ақша бөлді, кейін оны қайтарып алды. Қысқасы, ақша жоқ десейші, басыңды ауыртпа", - деген болатын шенеунік.
Ол сөз соңын "Шалқар чичи-чики ғой" деп аяқтаған. Желі қолданушылары шенеуніктің бұл сөзін қалжыңға айналдырды.