Әнші Мөлдір Әуелбековаға түріктің танымал аспазы Бурак әзіл аралас ұсыныс айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Мөлдір бұл сәтті Instagram парақшасында жариялап:
"Бурак күтпеген ұсыныс жасады. Түріктермен құда болайық па? Не дейсіздер, қазақ елі?" — деп жазды.
Желі қолданушылары екіге бөлінді: кейбірі қалжыңды көңілді қабылдаса, басқалары "қазақтан таппадың ба?" деп пікір қалдырды.
Әнші болса, бұл сөздері шынайы емес, жай ғана әзіл екенін атап өтті.