Аймақ

Атырауда абақтыдан қателікпен басқа адамды босатып жіберген

10:32, 13 тамыз 2025 17

Атырау облысында тергеу изоляторынан жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған азаматты бостандыққа шығарып жіберген. Бұл ақпаратты ІІМ-нің Қылмыстық-атқару комитеті растады деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алайда заңбұзушылық дер кезінде анықталып, қателікпен түрмеден босап шыққан ер адам қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", — деп хабарлайды Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, бұл қателікке сотталған азаматтардың фамилияларының ұқсас болуы себеп болған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз