Қоғам

Түркістанда радикализмнің қоғамға қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

10:15, 29 тамыз 2025 46

Түркістанда деструктивті діни ағымдардың таралу жолы туралы және оларға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Іс-шара «Радикализмнің қоғамға қауіп қатері» тақырыбында өтті. Бұл жолы мамандар Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы қатысты.

Теолог маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттарының кең тарағанын айтты. Рұқсат етілмеген теріс бағыттағы діни ақпаратты алу және таратудың заңдық тәртібі мен жауапкершілігі түсіндірілді.

Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану және тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы және кез-келген мәліметті аларда сыни ойлап, ой сүзгісінен өткізу қажеттігі туралы баяндалды.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз