Қоғам

Түркістанда пробациялық есепте тұрғандарға терроризм мен экстремизм бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

17:00, 22 тамыз 2025 22

Түркістанда экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары жалғасуда, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жолы Түркістан қалалық Ішкі саясат бөлімінің мамандары мен тәртіп сақшылары пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесті. Мұндай азаматтарға экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін діни радикализм, заңсыз әрекеттерге итермелейтін идеологиялар туралы да кеңінен айтылды. Әрі экстремизм мен терроризм үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылғаны жайлы ақпарат берілді.

Кездесу соңында пробациялық есепте тұрғандар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, оған толыққанды жауап алды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз