$ 465.01
 543.55
 6.15

Отан қорғаушылар күні: Түркістанда әскери қызметшілер марапатталды

Редактор
06.05.2026, 18:55
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
 Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскер қатарына қосылған

 Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай әскери плац-концерт ұйымдастырылды.Салтанатты жиынға облыстық Полиция департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасы, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, ардагерлер мен жас сарбаздар қатысты.

Мерекелік іс-шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жиналған қауымды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтардың еңбегіне жоғары баға берді.

– Құрметті ардагерлер! Айбынды сардарлар мен сарбаздар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Туған жерді қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Батыр бабаларымыз ел үшін жан қиып, тәуелсіздікті аманат етті. Сол аманатқа адал болу – бүгінгі буынның міндеті.

Еліміздің тарихында ерлік пен отаншылдық қасиеттер әрдайым биік тұрған. Ел қорғанысын нығайту – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ел қауіпсіздігі мен шекарасын қас қақпай күзету, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету – жауапты әрі қастерлі міндет. Мұны тек кәсіби деңгейі жоғары, ант пен борышқа адал, ел үшін аянбайтын батыл жандар ғана атқара алады» деген болатын.

Сондықтан жастарымыздың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру аса маңызды. Түркістан өңірінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақ халқы ежелден ер жүрек, намысты халық. Ерлік пен отаншылдық – қанымызға сіңген қасиет. Бұл қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің тұтастығын сақтауға қызмет етіп келеді.

Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да құттықтаймын! Еліміздің айбыны асқақ, шекарасы берік, аспаны ашық бола берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілікке ұлассын! – деді Нұралхан Көшеров.

Іс-шара барысында өңір басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мінсіз қызметі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады. Патриоттық рухты дәріптеген салтанатты жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ыбыраев пен «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, әскери қызметтің маңызы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталды.

Одан кейін облыс әкімі мен ардагерлер әскери техникаларды тамашалап, сарбаздармен пікір алмасты. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскер қатарына қосылған. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, өңір жастары Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын толықтырып жатыр.