Түркістанда жастарға теріс діни ағымдардың идеологиясына қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезхановтың қатысуымен «Нәзір Төреқұлұлы» мешітінде дәріс алып жүрген жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары жөнінде кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қала жастары арасында теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ азаматтарды жат діни идеологиялар мен секталардың ықпалынан сақтау.
Кездесу барысында қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Маман тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.