Қоғам

Түркістанда әйелдерге экстремизмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолы түсіндірілді

15:49, 06 тамыз 2025 59

Түркістанда жат ағымдарға қатысты түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жолы Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезханов пен теолог маман  Бахауаддин Нуритдинов Түркістандағы діндар әйелдермен кездесті. Олар діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты қала тұрғындары, соның ішінде әйелдер арасында жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы азаматшалардың радикалды діни идеологиялардың ықпалына түсуінің алдын алу болып табылады.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, дін саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз