Түркістан облысының аудан-қалаларында көрісу күніне орай челлендж өтті

Редактор
14.03.2026, 12:28
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесіне орай барлық аудан-қалаларда арнайы челлендж өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Іс-шараның мақсаты - қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып болашақ ұрпаққа дәріптеу. Шара барысында ақсақалдар мен ақжаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурызнаманың" он күндігі жоспары бекітілген.

Осылайша мерекеге дейінгі әрбір күн арнайы атаумен аталып сол негізінде іс-шаралар ұйымдастырылады.