Қоғам

Түркістан облысында оқушыны зорлады деген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты

10:18, 25 ақпан 2026 19

Түркістан облысында "15 жастағы оқушы қызды зорлап, жүкті етті" деп айыпталған 70 жастағы зейнеткер сотталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "15 жастағы оқушы қызды зорлап, жүкті етті" деп айыпталған 70 жастағы зейнеткерге сот үкімі жарияланды. Іс жабық түрде қаралған.

Ол Қылмыстық кодекстің "Зорлау" және "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу" бабымен кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Сот іс материалдарын зерттеп, сотталушының іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар деген тұжырымға келді. Сіз сотта айыпты мойындаған жоқсыз. Бұл әрекетке қатысым жоқ деген позицияны ұстандыңыз. Алайда сіздің уәждеріңіз сотта алынған жәбірленушінің жауаптарымен, іске тіркелген бірнеше сот сараптама қорытындыларымен жоққа шығарылды", - деді судья Дәурен Мадалиев.

Сондай-ақ сот зейнеткерді педагогикалық лауазымдарда және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Сотталушы бұрын сотты болмаған. Ол іс бойынша тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз