$ 482.33
 557.57
 5.74

Түркістан облысында 5 қыз тауда жоғалып кеткен

16.06.2025, 22:19
ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ
Олар Қасқасу ауылынан 8 шықырым қашықтықта табылды

Бүгін Түркістан облысы ТЖД-нің 112 пультіне Төлеби ауданындағы «Сайрамсу» шыңынан түскен кезде 5 бойжеткен адасып кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Құтқарушылар 60 шықырым қашықтықты жүріп өтіп, Қасқасу ауылынан 8 шықырым қашықтықта адасқандарды тауып, оларды таудан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына аман-есен түсірді.

Медициналық көмекті қажет етпеген туристер құтқарушыларға алғыс білдірді.

ТЖМ тауға шыққан кезде жақындарыңызға маршрут туралы хабарлауды, ауа райы болжамын тексеріп, байланыс құралдарын бірге алудың қажеттігін еске салады.