Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының 4 жәбірленуші — тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.
Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалды, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.