Қоғам

Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті

12:53, 24 сәуір 2025 23

Стамбұлдағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шеккен. Олардың бәрі жер сілкінген кезде биіктен секірген деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазір олардың жағдайы қалыпты. Қаза тапқандар жоқ. Жер сілкінісінен Фатих ауданында қараусыз қалған ғимарат құлаған.

Жалпы Стамбұл тұрғындары кешегі жер сілкінісінен қатты қорқып қалған. Сондықтан, үйлеріне оралудан бас тартып, көшеде түнеді. Кейбірі көлік ішінде ұйықтаған. Қаладағы мешіттер түні бойы ашық болды. Кейбір тұрғындар Стамбұлдан уақытша кетіп қалған. 

Магнитудасы 6,2-ны құраған жер сілкінісі Стамбұлда кеше жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген болатын. Оның ошағы Мәрмәр теңізінде анықталған. Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаладан соң 284 афтершок тіркелген. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз