Әлем

Түркияда қонақүйдегі өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті

11:25, 22 қаңтар 2025 25

Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйдегі өрттен қаза тапқандар саны  76-ға жетті. Өрт шыққан сәтте 12 қабатты қонақүйде барлығы 234 қонақ болған.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдын қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында өрт шығып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты.

Қонақ үй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан. Аязды ауа райы өрт сөндірушілер оқиға орнына жету үшін бір сағаттан астам уақыт жүрген.

Құтқару шаралары ұзаққа созылды. 

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталып, 9 адам ұсталды. Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеуге прокуратураның қосылғанын айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. 

Сондай-ақ, Түркияда 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды.

.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз