Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуның қамауға алынуына байланысты студенттер жаппай наразылық шеруге шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Кеше Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестері сыбайлас жемқорлық, пара алу және заңсыз келісімдер жасады деген айыптармен қамауға алынды. Олар тергеу изоляторында төрт күн болады.
Имамоглу — оппозициялық Республикалық халық партиясының (CHP) президенттікке үміткері және қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы. Ол 2019 және 2024 жылғы жергілікті сайлауларда Ердоғанның партиясын айқын басымдықпен жеңіп, Ыстамбұл мэрі атанған еді.
Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунчтың айтуынша, Стамбул бас прокуратурасы жүргізген тергеу аясында Стамбул муниципалитетінің басшысын қоса алғанда, 106 күдіктіні қамауға алу туралы санкция берілген.
Оның тұтқындалуы Түркияда үлкен резонанс тудырды. Оппозиция бұл әрекетті саяси қысым деп бағаласа, халықаралық қауымдастық жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
Ыстамбұл университетінің студенттері көшеге шығып, наразылық шеруін өткізді. Полиция шеруді тарату үшін көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданды.