Әлем

Түркия азаматы жастықтағы кенені өртеймін деп бүкіл орманды өртеп жіберген

12:03, 02 шілде 2025 49

Маниса провинциясында сот 31 жастағы Өзжан Ташханды тұтқындады. Ол орман өртінің шығуына себепкер болған. Тергеу барысында жастығынан кене тауып, оны өртеп, жастықты аулаға лақтырғанын мойындаған, деп хабарлайды  CNN Türk.

Салдарынан өрт тұтанып, жалын ауыл шаруашылығы алқаптары мен орман алқабына тез таралған. Өрт 12 гектардан астам өсімдікті жойып жіберді.

Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклының айтуынша, соңғы бес күн ішінде елде 340-тан астам орман өрті тіркелген. Бұған себеп ретінде аптап ыстық пен отқа ұқыпсыз қарау аталады.

Билік өкілдері өрттің қатты жел салдарынан бірнеше провинцияда таралып жатқанын атап өтеді. Маниса, Биледжик және басқа аймақтарда өртті сөндіру жұмыстары кең көлемде жүріп жатыр. Кейбір аудандарда жергілікті тұрғындар эвакуациялануда.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз