Әлем

Түнгі клубтың шатыры опырылып, 79 адам мерт болды

11:54, 09 сәуір 2025 79

Қайғылы оқиға Доминикан Республикасында болған. Түнгі клубтың шатыры құлап, ішінде жүрген ондаған адам қаза тапты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингодағы түнгі клубта жүзден аса адамды шатыр басып қалды. Салдарынан,  79 адам ажал құшып, қалғандары ауыр жарақат алған. опырылған шатырдың кесірінен қаза тапқандар қатарында Монте-Кристи провинциясының губернаторы Нельси Круз бар екені белгілі болды. 

Қазір шатыры ортасына түскен клубта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар бар екені анықталған. Ел президенті оқиға орнына барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз