$ 479.02
 551.11
 5.82

Төрт адам ажал құшты: Дағыстанда қазақстандық әйел қайғылы оқиғаға себепкер болды

Редактор
23.07.2025, 18:04
Төрт адам ажал құшты: Дағыстанда қазақстандық әйел қайғылы оқиғаға себепкер болды
Дағыстан мемлекетінің Тарумов ауданында Қазақстан азаматының қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Дағыстан Республикасының ішкі істер министрлігі.
Дағыстан мемлекетінің Тарумов ауданында Қазақстан азаматының қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Дағыстан Республикасының ішкі істер министрлігі.
 
Олардың мәліметінше, Қазақстан азаматы жол апатына себепкер болған.
 

"22 шілде таңғы сағат 08:00-де "Кавказ" федералды автожолының 247 шақырымында Қазақстан Республикасының 39 жастағы азаматшасы басқарған "Чери-Тиго 8 про" автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан Удмуртия тұрғыны басқарған "Лада-Ларгуспен" соқтығысқан", - дейді дағыстандық ведомство.

Жол апатынан 4 адам қаза болып, 4 адам ауруханаға түсті.
"Екі жүргізуші де, сондай-ақ "Ларгус" автокөлігінің 4 және 6 жастағы жолаушылары қайтыс болды. "Ларгус" көлігінің үш жолаушысы: 33 жастағы әйел және 8 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ "Чери" көлігіндегі 15 жастағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
 
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.