Белгілі әнші Төреғали Төреәлі 33 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Әнші туған күн кешінді тұңғыш қызына арнап ән арнап, әйелі Толқынның «Кәусар» атты қайырымдылық қорын ашқанын жария етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Мерекелік сәттерді әнші өз Instagram парақшасында бөлісті. Желіде жарияланған бейнежазбаларда Төреғалидың жақындары мен әріптестері оның қуанышына ортақтасып, ән айтып, жылы лебіздерін білдіргені көрінеді.
«Кәусар» қоры ерекше балалар мен мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында ашылған.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің Қазақтан бойынша өтетін "Toresh Show" концертінен түскен ақша осы қорға аударылып, қайырымдылық мақсатта жұмсалады.