Саясат

Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысын қарсы алды

12:45, 06 мамыр 2025 17

Бүгін елімізге Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы келді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз