Қоғам

Тоқаев UEFA президентін қабылдады

12:53, 25 сәуір 2025 19

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Айта кетсек, Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.

🔵Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру және клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ, ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

Өз кезегінде Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз