Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқае судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысы сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты. Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер Әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сот жүйесі қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тіледі.