Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 киік тарту ету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл жануарлар тарихи тұрғыда мекендеген, бірақ уақыт өте келе жойылып кеткен Қытайдың батыс өңірлеріне қоныс аударылады.
Киіктерді беру мақсаты – көршілес елде олардың популяциясын қалпына келтіру.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Тоқаевқа алғыс айтып, оның биологиялық әртүрлілікті сақтау мен екі ел арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызын атап өтті.
Бұған дейін Қытай Қазақстаннан жануарларды көшіруге қызығушылық білдірген болатын. Экологтардың пікірінше, мұндай қадам киіктердің мекендеу аймағын кеңейтіп, Қазақстандағы жекелеген аумақтардағы артық тығыздыққа байланысты қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.