Саясат

Тоқаев пен Путин Ресей-Украина келіссөздерінің нәтижесін талқылады

15:01, 17 мамыр 2025 174

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен шын жүректен құттықтады.

Қазақстан президенті Мәскеуде өткен және өзі қатысқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде, мазмұнды әрі салтанатты жағдайда өткенімен бөлісті. Бұл шаралар әлемнің көптеген елдерінде кеңінен оң пікір тудырғанын атап өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгеніне қанағаттанушылық білдірді. Сондай-ақ Стамбұлда өткен Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша пікір алмасты, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхаты жолданған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей мен Украина арасында үш жылдағы алғашқы тікелей келіссөздер өткенін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз