Қоғам

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі адамды пышақтаған (ВИДЕО)

13:56, 19 мамыр 2025 49

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жаппай төбелес болып, екі ер адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, суық қару қолдану арқылы бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында болған жанжал салдарынан қатысушылардың бірі екі адамға пышақ сұққаны анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетілді, — делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер анықталды. Қазір аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз