Өскеменде сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Абай көшесі бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде екінші қабатында орналасқан киім-кешек бутикі өртенген.
Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері өртті одан әрі басқа үй-жайларға таратылуына жол бермей, бірнеше минут ішінде жойды.
Құтқарушылар ғимараттан 30 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.