Қоғам

«Дарын» білім беру орталығының бас есепшісі ақша жымқырған

11:56, 19 мамыр 2025 42

Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Талдау нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Аталған факт бойынша сотпен есепшіге қатысты үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз