Қоғам

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

11:22, 08 мамыр 2025 26

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз